KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

"Ауыл – ел бесігі" жобасына 198 млрд теңге бөлінді

Фото: primeminister.kz

25.07.2023, 11:20 196 Оразай Жеңісұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер қаралды.

Биыл 800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Үкімет басшысы 2019-2022 жылдары әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша мыңнан астам ауылда 3,7 мыңнан астам жоба іске асырылғанын, сондай-ақ 33 мың жұмыс орны құрылғанын атап өтті. Премьер-Министр бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы объектілерді енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкелетінін де айтты. Жобаға биыл республикалық бюджеттен 198,2 млрд теңге бөлініп отыр.

«Өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды. Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірде-бір жоба жүзеге асырылмайтын жағдайлар болмауы керек», - деді Әлихан Смайылов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив