KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Биыл колледждерде қазақтілді бөлімге сұраныс жоғары

Фото: elements.envato.com

25.07.2023, 17:58 148 Оразай Жеңісұлы

Биыл колледждерде қазақ тілінде оқытатын бөлімге тапсырған білім алушылар саны көбейген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Былтыр колледждерге қазақ тілінде оқитын бөлімге 109 852 білім алушы қабылданды. Биыл жоспар бойынша 115 000 білім алушы қабылданады деп күтіледі. Қазір білім алушыларды қабылдау жалғасып жатыр», – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Министрліктің статистикасы бойынша, биылғы оқу жылында 120 439 түлек мектепте қазақ тілінде білім алған. Былтыр бұл көрсеткіш бойынша, 117 088 оқушы болса, бұдан 2 жыл бұрын, 2020-2021 оқу жылында 111 183 түлек мектепте қазақ тілінде оқыған. Бұдан 10 жыл бұрын, 2013 жылы мектепті қазақ тілінде 82 947 түлек бітірсе, 30 жыл бұрын, 1993 жылы мектеп оқушыларының 37 пайызы ғана қазақ тілінде оқыған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив