Қазақ тілінде білім беретін мектептер салынады – Риддер
Шартты сурет
Риддердегі 508 бала оқып жүрген «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы – қазақ тілінде білім беретін қаладағы жалғыз мектеп.
Бұған дейін «Шаңырақ» мектебінің жай-күйі туралы әлеуметтік желіде түрлі ақпарат таралған болатын. Облыс басшысы Даниал Ахметов жағдаймен өзі арнайы барып танысып, жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат бөлінетінін айтқан еді. Сондай-ақ алдағы уақытта қалада тағы екі мектеп салынбақ екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін Өскеменде ШҚО әкімінің өтіп жатқан есеп беру кездесуі барысында осы мәселе жайында айтылды.
Аймақ басшысының айтуынша, Риддерде қазір 300 орындық қазақ мектебі салынып жатыр.