KZ
Өскемен
-16°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
499.74 525.23 5.6

Қазір 200 теңгелік қағаз ақша қабылдана ма?

Фото: ehonews.kz

27.07.2023, 11:40 371 Оразай Жеңісұлы

Номиналы 200 теңгелік банкноттар қабылданбай жатқаны туралы шағым көбейген еді. Қазақстан Ұлттық банкі бұл банкноттың заңды төлем құралы болып саналатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

«Бұл банкноттар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті», делінген хабарламада.

Ұлттық банк ел аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тартқандар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 206-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сондай-ақ Ұлттық банк 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын айта кетейік. Ал қолданыстағы қағаз екі жүз теңгеліктер табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, монеталармен ауыстырылады.

Қосымша сұрақ туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық Банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу