KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

Белоусовка кентінде 300 орындық жайлы мектеп салынады

4.08.2023, 20:33 143 Мадина Амангелдіқызы

«Жайлы мектеп» ұлттық қанатқақты жобасы аясында Глубокое ауданының Белоусовка кентінде 300 орындық мектеп салынып жатыр. 
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев болашақ білім ордасы құрылысының барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ермек Көшербаев ұлттық жобалардың аймақтағы жүзеге асырылу мәселесі қаралған кеңесте олардың орындалуы жұмыстың тиімділігінің негізгі шарты болатынына қала және аудан әкімдерінің назарын аударған еді. Нәтижелер қағаз жүзінде қалып қоймай, аймақ тұрғындарының игілігі үшін қызмет етуі керек.
Заманауи, жоғары технологиялық, әлемдік стандарттарға сай келетін әрі республиканың қалалары мен аудандарындағы оқушыларға қолжетімді мектептер  -  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының басты мақсаты осы.  Аталған талаптарға сай 300 орынға арналған ғимарат қазір Белоусовка кентінде салынып жатыр. Мердігер компания бұған дейін Шығыс Қазақстанда және көрші Абай облысында 12 білім беру мекемесін салған. 
- Жобаның болжамды құны – екі миллиард 652 миллион теңге, бірақ ол әлі түзетілуі мүмкін, - дейді мердігер компанияның директоры Сәуле Досқұжанова. – Бұл ұлттық жоба аясында салынып жатқан алғашқы мектептердің бірі, ол басқалардан жобалау шешімдерімен де, технологиялық жабдықтармен де ерекшеленеді.
Құрылыс компаниясының басшысы бүгінгі таңда толғандыратын мәселелерді көтерді, олардың ішінде бастысы – болашақ мектептің ғимаратына инженерлік коммуникациялар тарту. Айта кетсек, ұлттық жоба аясында өңірде үш білім беру мекемесі салынып жатыр – екеуі Глубокое ауданында, біреуі Шемонаиха ауданында. Жобаның тапсырыс берушісі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның қойған талаптарының бірі – мектептерді газбен жылытуға қосу. Алайда Шығыс Қазақстанда газен жылытудың шығыны көп. 
– Аймақта бұл расымен тиімсіз болады, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев. – Мәселені жоғары деңгейде көтеру қажет. 
Белоусовка кентіндегі мектептің құрылысы жоспар бойынша 2024 жылдың қыркүйек айында аяқталуға тиіс.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив