ШҚО-да 2025 жылға дейін 18 мектеп салынады
Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылға дейін 18 мектеп салынады. Жалпы орын саны – 7400.
Бұл туралы өңір басшысы Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Биыл екі білім мекемесі бой көтереді. Өскемен қаласында 600 орындық бір мектеп, Тарбағатайдың Шеңгелді ауылынды 100 орындық бір мектеп салынады. Сондай-ақ биыл бес денешынықтыру-сауықтыру кешенін халық игілігіне беру жоспарда бар. Бұл нысандар Таврия, Бозанбай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын ауылдарында салынып жатыр, – деді облыс әкімі.
Естеріңізге саламыз, бүгін облыстық мәслихаттың кезекті IV сессиясында аймақ басшысы Ермек Көшербаев өзіне жүктелген міндеттер жөнінде айтты.