KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Глубокое ауданында 3 мектеп салынады

3.04.2023, 15:40 368 Ләззат Қанатқызы

«Жайлы мектеп» жобасы аясында Белоусовка ауылында биыл 300 орындық жаңа мектептің құрылысы басталмақ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Глубокое ауданында алдағы 3 жылда 300-орындық 3 мектеп салу арқылы оқушы орындарының тапшылығын жою жоспарланып отыр.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауданда алдағы 3 жылда 300-орындық 3 білім ордасы, яғни 2024 жылға қарай Белоусовка кентінде, 2025 жылға қарай Опытное поле ауылында, 2026 жылға қарай Прапорщиково ауылында бой көтереді, деді аудан әкімі Эльдар Лұқбекұлы.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма берген болатын.

Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін, деді Мемлекет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу