KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Семей орманында неге өрт жиі шығады? Экология министрлігі жауап берді

Фото: inform.kz

13.08.2023, 17:42 214 Оразай Жеңісұлы

Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Семей орманы» резерваты филиалына ағаш ұрлағаны және жемқорлыққа барғаны үшін жазаға тартылған адамдардың лауазымды қызметке тағайындалатындығы туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Басшылар мен мамандарды тағайындау Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы №120 бұйрығымен бекітілген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғатты қорғау ұйымдары басшылары мен мамандары лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі», - деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомствоның атап өтуінше, аталған бұйрықта көзделген талаптарға сай келмейтін мамандардың басшылық қызметке тағайындалғаны туралы фактілер анықталған жағдайда министрлік өзінің құзыреті аясында тағайындаудың заңдылығын қарастырады.

«Қасақана от қоюға қатысты айтар болсақ, статистикаға сәйкес, Ертіс маңының (Абай мен Павлодар облыстары) таспа шоққарағайларында жыл сайын орын алатын өрттің 80-95 пайызы жай түсу салдарынан болады. Климаттық жағдайға (ауа температурасы, жел жылдамдығы), орман өртін сөндіру стансасының қолжетімділігі мен шалғайлығына байланысты мемлекеттік оран күзетінде көп жағдайда өрт 0,01-ден 3 гектарға дейін алқапта оқшауланады. Өңірде қасақана от қою тіркелген жоқ», - деп сендіреді Экология министрлігі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу