KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Семей орманындағы өрт кезінде қайсарлық көрсеткендер марапатталды

13.07.2023, 12:05 149 ALTAINEWS

«Семей орманы» табиғи резерватында болған өрт кезінде қайсарлық көрсеткен мамандар марапатталды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған ірі өрт кезінде табандылық танытқан қызметкерлерді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Осы медальмен мына азаматтар марапатталды:

- «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Советов Қанат Талғатұлы;
- «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Батпаев орман шаруашылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Дюсеханов Едил Кайратович;
- «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Беген филиалының тракторисі Мухамеджанов Мұрат Жолдасбайұлы.
Сонымен қатар іс-шара барысында жоғары кәсіби қабілеті және су шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың үздік мамандары «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен және министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив