Барлық тараптардың мүдделері ескерілетін болады
Облыс басшылығы ата-аналармен бірге Риддер қаласындағы “Шаңырақ” гимназиясының және №11 мектептің оқушыларын орналастыруға қатысты даулы жағдайды оңтайлы шешудің нұсқаларын қарастыруда.
Бүгін таңертең ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов екі мектептің және ата-аналар қауымының өкілдерімен кездесу өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Риддерге жұмыс сапары барысында "Шаңырақ" мектебінің ата-аналарымен облыс әкімі Ермек Көшербаев кездесу өткізген болатын. Содан кейін өңір басшысы қала әкімі мен ШҚО білім басқармасына мәселені егжей-тегжейлі түсініп, екі тараптың да мүдделерін ескере отырып, оны шешудің оңтайлы жолдарын ұсынуды тапсырды.
Бүгін Дархан Сапанов екі тарапты да тыңдады, енді аймақтық биліктің көмегімен олардың өкілдері маңызды жайттарды талқылау және ортақ тоқтамға келуге тырысу үшін дөңгелек үстелге жиналады.
Біз бұл оқиғаның одан әрі өрбуін қадағалайтын боламыз.