KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
492.22 529.38 5.03

Биыл балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 252 фактісі тіркелген

Фото: opennews.kz

17.08.2023, 14:52 197 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылдың алты айында елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 252 фактісі тіркелген.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласында «Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтіп жатыр.

Аталған жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтық белсенділер, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдерімен бірлесіп қоғамда балаларды қорғауға бағытталған мінез-құлықты, әдеп нормаларын және құндылықтар жүйесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпіріндегі отбасын қолдау орталықтарының тиімділігін арттыру маңыздылығына тоқталды.

 Бүгінгі іс-шараны арнайы киелі Түркістан жерінде ұйымдастырудың себебі – осындай ауыр қылмыстың жұрт болып жиылып, шешімін табу, қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты органдармен бірлесіп жедел іс-қимыл жасау. Бүгін арқаны кеңге салсақ, ертең кеш болуы мүмкін. Дабыраға салмай, ешкімді дүрліктірмей, проблеманы ашық мойындап, екшелген шешім, зорлық-зомбылыққа қарсы қоғам мәдениетін нығайтуымыз қажет,  деді Дархан Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2022 жылғы мәліметі бойынша, әрбір бесінші әйел мен әр он үшінші ер адам балалық шағында (0-17 жас) жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

 Ал Қазақстандағы статистикаға келетін болсақ, 2022 жылы елімізде 16 жасқа толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түсу немесе соған мәжбүрлеу, жас балаларды азғындыққа салу фактісі бойынша 383 қылмыстық іс қозғалса, биылғы 6 айда 252 қылмыс тіркелген,  деді ведомство басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив