Бұқтырма арқылы өтетін көпір құрылысына тағы 15 миллиард теңге бөлінуі мүмкін
Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір құрылысын жалғастыру үшін жергілікті билік 15 миллиард теңгеге бюджеттік өтінім берді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары м.а. Нұрбек Тұраров айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен қосымша 15 миллиард теңге бөлуге бюджеттік өтінім берілді, - деді Нұрбек Тұраров.
Ол облыста Күршім ауылындағы Діңгек каналы арқылы өтетін көпірді жөндеу жұмыстары аяқталғанын айтты. Жобаның жалпы құны 350 миллион теңгеден асқан.
- Сондай-ақ өңірде 390 шақырымнан астам облыстық және аудандық маңызы бар трассалар, сондай-ақ елді мекендердің көшелері жөнделеді. Бұл мақсатқа бюджеттен 20 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған, - деп атап өтті ол.
Оқи отырыңыз