KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да биыл жол жөндеуге 25 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады

Фото: ашық дереккөз

4.05.2023, 09:15 279

2023 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда және Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерінде жол жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі 25 млрд 340 млн теңгені құрайды, 92 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ағымдағы жылы жалпы сомасы 18 млрд 775 млн теңгеден асатын 384 шақырымды жөндеу бойынша 85 жоба аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі.

– Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлінсе, қосымша 15 млрд теңге бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Күршім ауылындағы Діңгек каналы арқылы өтетін көпірді реконструкциялауға 17,6 млн теңге бөлініп, игерілді. Сонымен қатар биыл Өскемендегі Жібек жолы көшесінен ұзындығы 5,3 км Өскемен-Алматы автомобиль жолы бағытындағы жол учаскесін қайта жаңарту аяқталады, – деді Нұржан Жұмаділов.

Бұдан бөлек, облыстық және аудандық маңызы бар 242 шақырым жолды орташа жөндеуге 8 млрд теңге қарастырылған. Негізгі жол жөндеу жұмыстары Өскемен-Тарғын-Самар автожолында, Сібе көлдеріне қарай бағытта, Жаңа Бұқтырма, Ақжар кенттеріне кіреберісте, Зайсан-Шілікті, Ақжар-Шілікті, сондай-ақ басқа да ірі елді мекендерге кірме жолдарда орындалады.

– Биыл 6 млрд теңгеге елді мекендердің 121 шақырым көше-жол желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар облыстық маңызы бар жолдардағы Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтеді. Осы мақсатқа өңір бюджетінен 90,2 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде жұртшылық өкілдерін тарту тәжірибесі жалғасады, – деп атап өтті басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов.

 Басқарма басшысы атап өткендей, жалпы, жоспарланған іс-шараларды орындау қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары үлесінің көрсеткіші 92%-ға жетуі тиіс.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив