Автожолдар мен көше жолдары жөнделеді – Күршім
Биыл Күршім ауданында бірнеше ауылда автожолдар мен ауылішілік жолдар жөнделмек.
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысын жалғастыру үшін 21 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салуды жалғастыру жұмыстарын 21 млрд теңгеге қаржыландыру қарастырылған. Сонымен қатар ауылдардағы ауылішілік және автожолдар да жөнделмек. "Күршім-Қалжыр" автожолындағы 45-47 км аумақты орташа жөндеу жұмыстарына 460 млн теңге, Марқакөл ауылындағы 1,8 км (АЕБ) көше жолын орташа жөндеуге 60 млн теңге, Теректібұлақ ауылындағы 1,5 км (АЕБ) көше жолын орташа жөндеуге 50 млн теңге, Күршім ауылындағы 10 км айналма жолды орташа жөндеуге 100 млн теңге бөлінбек.