Өзекті мәселелердің шешу жолдарын айқындап берді – Айгүл Әлімхан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
- Бүгін Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық. Жолдауда бүгінгі күндегі ең өзекті мәселелер сөз болды, оның ішінде: экономика, ішкі, сыртқы нарық, электр энергиясы мен жылу энергетикасы, су мәселесі, логистика, IT саласы және т.б. Сондай-ақ аталған мәселелерді шешу жолдары, бағдарламасы туралы нақты мақсаттарды айқындап берді. Бұл Жолдаудың бір ерекшелігі – мақсатты жоба, нақты 3 жылдың ішінде шешімін табатын міндеттер айтылды.
Сонымен қатар тікелей өзімізге қатысты – білім беру саясатында бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу мәселесі туралы да сөз қозғалды. Сондықтан, Абай атамыз айтқан «Толық адам» іліміне сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ даярлау біздің бүгінгі күндегі басты міндетіміз болып отыр. Бұқар жырау өз сөзінде: "Ханның жақсы болмағы,
Қарашаның елдігі.
Қараша халқы сыйласа,
Алтыннан болар белдігі," – деген екен.
Қазіргі күні Президентіміз біздің алдымызда нақты мақсат-міндеттерді қойып отыр, ал біздің міндет – адал азамат ретінде, әділетті Қазақстан құруға өзіндік үлесімізді қосу, – деді филология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры Айгүл Әлімхан.

Оқи отырыңыз