KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Жастар театр актерлерінен сабақ ала алады – ШҚО

Фото: baribar.kz

8.09.2023, 16:50 662 ALTAINEWS

Бүгін ШҚО драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түріледі. Өнер ордасының жаңа қойылымдармен қатар жастарға дайындаған жаңалықтары да бар көрінеді.

Жақын арада өнер ордасынан театр студиясын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жобаның концепциясы құрылып, ШҚО әкімдігіне ұсынылып та қойған.

- «TEATR ALL» театр студиясы 14-35 жас аралығындағы жастарға арналады. Білімі мен жұмыс істеу саласы әртүрлі жастар театрға келіп педагогтардан, актерлерден сабақ алып, өздерін сахна өнерінде сынай алады, – деп түсіндірді ШҚО драма театры директорының орынбасары Дархан Нұралинов.

Сондай-ақ ол өз сөзінде өткен маусымда театрға қызығатын жастар санының артқанын да атап өтті. Сондықтан жастарды қолдау мақсатында осындай жобалар қолға алынып отыр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив