KZ
Өскемен
-15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Қазақстан азаматтары Тайландқа жиі ұша алады

Фото: liter.kz

18.09.2023, 21:35 155 Ләззат Қанатқызы

Air Astana қазан айының соңынан бастап Бангкок пен Пхукетке рейстер күн сайын ұшатынын хабарлады.

Рейстер ыңғайлы A321LR және B767 ұшақтары арқылы орындалатыны айтылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейстердің жиі болуы жолаушыларға кең таңдау мүмкіндігін береді әрі сапарды ыңғайлы жоспарлауға көмектеседі.

Таиланд үкіметінің хабарлауынша, алдағы күзгі-қысқы маусымға дейін Қазақстан азаматтары үшін 2023 жылдың 25 қыркүйегі мен 2024 жылдың 29 ақпаны аралығында 30 күнге дейін уақытша визасыз режим енгізілген.

Қазір Тайланд визасы әуежайға келгеннен кейін беріледі және әуе компаниясы Бангкокқа аптасына үш рет және Пхукетке төрт рет тұрақты рейстерді орындайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу