ШҚО тұрғындары сүт өнімдерімен 100 пайыз қамтылады
Фото: Inbusiness.kz
ШҚО-да жыл басынан бері 350 тоннадан астам сүт өнімдері өндірілген. Қазір сүт өнімдерін өндіруден өңіріміз республика бойынша 6-шы орында тұр.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту туралы әкімдіктің кезекті отырысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағындықов айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алдағы уақытта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары аясында тұрғындар жергілікті жерде өндірілетін сүт өнімдерімен 100 пайыз қамтамасыз етілмек.
«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстанға 1 535 118 000 теңге несиелік қаражат бөлінген екен.