13 тауармен ішкі нарық 100% қамтамасыз етілді – ШҚО
Фото: Шартты сурет
Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағандықов ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жайын айқындады.
Былтыр облыста 13 тауар позициясы бойынша отандық өндіріс есебінен ішкі тұтынудың қамтамасыз етілуі 100%-дан асқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мәлімет бойынша, нан, бидай ұны, сиыр еті, тауық еті, шошқа еті, балық, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, қырыққабат, қызылша, қызанақ және қияр өнімдері бойынша отандық өндіріс ішкі тұтынуды 100% қамтамасыз еткен.
Сонымен қатар қарақұмық жармасы, қой еті, шұжық өнімдері бойынша – 80% және одан көп. Ал 80%-дан аз қамтылған 10 тауар қатарына жылқы еті (78%), пияз (73%), бұрыш (69,6%), сүт (61,6%), тауық жұмыртқасы (44%), сары май (31,5%), айран (30,2%), ірімшік пен сүзбе (29,2%), мейіз (20,1%), алма (8,1%) кіреді. Облыста қант, күріш және тұз өндірілмейді.