KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Экологиялық акция аясында 8 тонна қоқыс жиналды – ШҚО

Фото: stylishbag.ru

26.10.2023, 14:48 633 Ләззат Қанатқызы

Республика күнін мерекелеу аясында еліміздің түкпір-түкпірінде «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы өтті.

Шығысқазақстандықтар аталмыш экологиялық акция аясында сегіз тоннаға жуық қоқыс жинады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Мұндай іс-шаралар азаматтық белсенділіктің, бірліктің және қоршаған ортаны жақсартуға деген жалпы ұмтылыстың жарқын мысалы болып табылады. Аймақтың екі мыңнан астам тұрғыны шараға ат салысып, сегіз тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемдігі және құрылыс қалдықтары жинады. Оның ішінде шамамен 1,3 тонна шыны, 0,8 тонна резеңке, 2,5 тонна пластик және басқа да қоқыстар жиналды, - дейді ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі.

«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық акциясына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, экологиялық қозғалыстар мен бірлестіктер, облыстың қалалары мен аудандарының депутаттары, «Қазақстандық "Байтақ" жасылдар партиясы" ҚҚ ШҚФ, Amalaya Project және біздің өңірдің тұрғындары қатысты. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесе отырып рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою іс-шараларын жүргізді. Сондай-ақ өздерінің өндірістік алаңдары мен СҚА аумағында сенбілік өткізген.

- Барша тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғи ресурстарға назар аударып, қамқорлық жасауға шақырамыз! Болашақ ұрпақ үшін табиғатымызды аялайық, - деді экологтар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив