Семейде экологиялық акция осы сенбіде жалғасын табады
Семей қаласында «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы осы сенбіде жалғасын таппақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жалпыреспубликалық шараға айналған сенбілік 3 тамыз күні сағат 10:00-ге жоспарланып отыр. Тазалық жұмыстары «Бейбітшілік» аралы мен Ертістің сол жақ жағалауында жүргізілмек.
Сенбілікке Табиғат-Анаға құрмет танытатындардың бәрі де қатыса алады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, 52-69-44, 52-26-84 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Оқи отырыңыз