Зырян орман шаруашылығына 90 жыл толды
ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Зырян орман шаруашылығы» КММ-ның құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр.
Айтулы мерейтойға орай "Горняк" мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Шараға ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Арман Есентаев, ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары Ердос Үмітов пен өңірдегі орман шаруашылығы мекемелерінің басшылары, орман шаруашылығы ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жиын барысында “Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі ШҚО филиалының төрағасы Бақытжан Мунусова сөз алды.
Сондай-ақ орман шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан бірқатар қызметкерлердің еңбегі еленді. Атап айтсақ "Зырян орман шаруашылығы" КММ директоры Расул Өтепов Салалық кеңестің медалімен марапатталды. Ал Осинов орман шаруашылығының орманшысы С.С.Колосов пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.В.Бахаеваға Құрмет грамотасы, бас бухгалтер Т.А.Черепанова мен директордың орынбасары Р.М.Тұяқпаевға алғыс хаттар табысталды.
Мерейтойға ақжарма тілектерін арқалап келген "Өскемен орман шаруашылығы "КММ, "Самар орман шаруашылығы" КММ, "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" КММ өкілдері бағалы сыйлықтарын тарту етті.
Ал, марапаттау рәсімі жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертімен және мерекелік дастарханға жалғасты.