Бүгін – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні
Бүгін елде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Атаулы күн жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісіне тап келеді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің дерегінше, елде 17,4 мыңға жуық орманшы бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жасыл желекті қорғап, экологияға үлкен үлес қосып жүрген орманшылардың еңбегі ерен.
"Еліміздің 160 табиғат қорғау мекемесі мен кәсіпорнында 17,4 мыңға жуық орманшы жұмыс істейді. Оның ішінде 8,1 мыңнан астамы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, 9,2 мың қызметкер жергілікті атқарушы органдарға қарасты", – деп жазылған комитеттің хабарламасында.