Жаңа жылда қазақстандықтар қанша күн демалады?
![](/kz/uploads/posts/2023-10/5b7055a2bb37b14378dbbf0ae66ed7a5.webp)
Фото: www.pinterest.com.au
ҚР Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс болатынын түсіндірді
Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшіс Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылардың сәл жолы болмады: 30 желтоқсанда жұмыс істеуге тура келеді.
Содан кейін 3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.