KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда туберкулезден болатын өлім 20%-ға төмендеді

5.11.2023, 18:16 222 Назерке Каримова

«Туберкулезді жою» стратегиясы шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру бойынша әлеуетті арттыру» республикалық семинары басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Іс-шараның негізгі мақсаты нысаналы индикаторларды ескере отырып, туберкулездің ауыртпалығын төмендету бойынша іс-қимылдың сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.

Семинардың ашылуында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған туберкулезді диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін қолданудың арқасында елде көптеген жылдар бойы туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлімнің тұрақты төмендеуі байқалғанын атап өтті.

«2023 жылдың 9 айындағы деректер бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 34,9-ды құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға төмендегенін білдіреді (37,2), ал туберкулезден болатын өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 1,2 құрады, бұл 2022 жылғы деректермен салыстырғанда 20%-ға төмендегенін білдіреді (1,4)», - делінген хабарламада.

Спикер қауіп топтарын сапалы қалыптастыру, уақтылы тестілеу, туберкулез инфекциясын емдеу, сондай-ақ фтизиатриялық қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту сияқты туберкулездің профилактикасы мәселелеріне ерекше назар аударды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу