ШҚО-да аудан әкімдері сайлауының қорытындысы шықты

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет, 5 қарашада, аудан әкімдерінің сайлауы өтті.
Саяси науқан Глубокое мен Алтайда болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бақылаушылар аудан тұрғындарының белсенділігін ерекше атап өтті. Сайлау учаскелерінде ұйымдастыру деңгейі де жоғары болғаны айтылды. Сонымен қатар ешқандай заңбұзушылық тіркелмеді.
Кандидаттардың жалпы саны – бесеу. Қорытынды бойынша, Алтай ауданының әкімі болып Ренат Құрмамбаев сайланды. Ол 1980 жылы туған. Осыған дейін Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы болған.
Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов болды. 1987 жылы туған азамат осыған дейін де аталмыш ауданның әкімі болған.