KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
494.84 537.4 5.58

Алтай және Глубокое аудандары әкімдерінің сайлауына үміткерлер ұсынылды

7.10.2023, 14:24 353 Мадина Амангелдіқызы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің сайлау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдан бастап аудан басшыларын тұрғындардың өздері сайлайтын болады.

ШҚО-ның екі ауданында «AMANAT» партиясының аумақтық филиалдарының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясында депутаттардың шешімімен пилоттық әкім сайлауын өткізу Глубокое, Алтай аудандарында өтетін болып бекітіліп, сайлау күні 5 қарашаға жоспарланған болатын.

Осы орайда аумақтық филиалдардың кезектен тыс конференциялары өткізіліп, Алтай және Глубокое аудандары әкімдерінің сайлауына үміткер ұсыну мәселесі қаралды.

Басым дауыстармен «AMANAT» партиясының атынан Глубокое ауданы әкімі лауазымына  Эльдар Тұмашинов ұсынылса, Алтай ауданы әкімі лауазымына  Ринат Құрманбаев ұсынылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу