KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Өскеменде Глубокое ауданының мәдени күндері басталды

10.11.2023, 21:19 268 Ләззат Қанатқызы

Глубокое ауданының өнерпаздары облыстың бас шаhарын ән мен күйге бөледі.

Бүгін  “Туған жер - алтын бесігім” акциясы аясында облыс орталығындағы “Ертіс концерт” үлкен залында Глубокое ауданының гала-концерті өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сонымен қатар, тұрғындар мен қала қонақтары жергілікті шеберлердің қолынан шыққан түрлі туындыларды тамашалады.

Белгілі қолөнершілер Қайрат Ибраев пен Нұржан Есхожинде келушілер үшін арнайы музыкалық аспаптарын, мәдениет және тұрмыстық заттары мен кәдесыйларын көрмеге қойыпты.

Ал, жас техниктер станциясының тәрбиеленушілері кранның, ұшақтардың қолданыстағы модельдерін, ал робототехника үйірмесінің оқушылары өз өнертабыстарын көпшілікке ұсынды.

Көпұлтты еліміздің бірлігін, дәстүрлері мен тарихын көрсету мақсатында

этномәдени бірлестіктер импровизацияланған қойылым дайындап әкелген.

Ал гала-концерт көрермендерін танымал әнші Сырымтай Еңсепов өзінің әсем әнімен қуантты.

Глубокое ауданының мәдени күндері 2 күнге созылады. Ертең "ТНП" СҮ аумағында өтетін сенбілік жәрмеңке ұйымдастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив