KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, В
515.03 584.82 6.24

Өскеменде Глубокое ауданының мәдени күндері өтеді

Фото: dknews.kz

8.11.2023, 09:38 402 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да қыркүйек айынын бастап «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында әр ауданның мәдени күндерін өткізу қайта қолға алынған болатын. Осы аптадағы кезек Глубокое ауданына келіп жетті.

10-11 қараша күндері облыс орталығында бірқатар шаралар легі жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

10 қараша күні 18:00-де бас шаhардың тұрғындары мен қонақтары "Ертіс концерт" залында өтетін аудан өнерпаздарының «Туған жер — алтын бесігім» атты гала-концертін тамашалай алады.

Ал, 11 қараша күні әдеттегідей, сенбілік жәрмеңке ұйымдастырылады.

Қ. Сатпаев, 39 мекенжайында орналасқан ТНП  дүкенінің алаңында Глубокое ауданының шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер ет, балық, бал, сүт, нан және өзге де өнімдерін ұсынады.

- Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға шақырамыз, - дейді аудан әкімдігі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу