Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау басталды
Фото: un.org
Сыртқы істер министрлігі Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау басталғанын хабарлады.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгін, 13 қарашада 44 адамды, оның ішінде 40 Қазақстан азаматын эвакуациялау жоспарланған. 4 адам олардың отбасы мүшелері, шетел азаматтығын алған.
Эвакуацияланғандар қатарында біздің елден бөлек тағы 9 елдің, соның ішінде Марокко мен АҚШ-тың өкілдері бар.
Шығу Рафак өткізу пункті арқылы жүзеге асырылады.
Оқи отырыңыз