Шетелде қазақтарға деген қарым-қатынас қандай?
Фото: advicegadget.com
Журналистер Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияровтан "шетелде «қазақофобия» сынды ұғым бар ма?" деп сұрады.
СІМ өкілі шетелде қазақстандықтарға жақсы қарайтынын атап өтті.
«Жоқ, саясатымыз, халқымыз бен менталитетіміздің арқасында біздің азаматтарымыз кез келген елде өзін еркін ұстайды», – деді ол.
Сонымен қатар Смадияров басқа да елдерде болған тәжірибесі туралы айтты.
«Мен көптеген елде болдым, біздің азаматтарымызға деген қарым-қатынас өте жақсы», – деп түйіндеді сыртқы істер ведомствосының ресми өкілі.
Оқи отырыңыз