KZ
Өскемен
-19°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
503.17 600.89 6.63

Өскемен тұрғыны Ертіс жағалауындағы қоршаудан құлап кетті

шартты сурет

16.11.2023, 19:03 235 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығының тұрғыны Ертіс жағалауындағы қоршаудан құлап кетті.

Оның есінен танып жатқанын байқаған қала тұрғындары құтқарушылар мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне хабар берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Оқиға Новаторлар және Қабанбай батыр көшесінің қиылысында болған. Құтқарушылар парапеттен құлаған қала тұрғынын зембілмен алып шығып, «жедел жәрдем»қызметкерлеріне тапсырды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты.

- Қала тұрғыны облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілген. Мамандар бассүйек-мидің ашық жарақат деген диагноз қойды, – деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу