KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Семей тұрғыны жетінші қабаттан құлап кетті

22.10.2020, 08:17 226

Семей қаласының тұрғыны жетінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ер азамат бірінші қабатта орналасқан сауда үйінің маңдайшасына құлап түскен.

– Құтқарушыларға 16:41-де хабарлама келді. Арада алты минут өткенде мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жетті. Құтқарушылар екінші қабаттың тұсындағы маңдайшаға көтеріліп, полиция қызметкерлерімен бірге зардап шегушіні қатты зембілге салып, арқан байлап, ақырын төмен түсіріп, жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне табыстады, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ер азамат қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Куәгерлердің айтуынша, қонаққа келген азамат мас болған. Сол себепті терезеден абайсызда құлап кеткен көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив