KZ
Өскемен
-33°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
510.43 594.86 6.49

Мұнай бағасы құлдырады

17.11.2023, 09:13 256 Оразай Жеңісұлы

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:20-дағы сауда деректері бойынша 4,45 пайызға арзандап, барреліне 77,56 доллар болған.

WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 4,72 пайызға арзандап, барреліне 73,04 доллар болды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл динамиканың себебі АҚШ-тағы шикізат қорларының күтпеген жерден көп болуынан, бұл бұрынғы болжамдардан айтарлықтай ерекшеленеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу