Доллар қымбаттай түсті
Фото: Turkystan.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE), 15.30-дағы жағдай бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,24 теңгеге көтеріліп, 448,62 теңге болғанын мәлімдеді
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы өсіп, 62,48 теңге (+0,03) болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Еуро бағамын Ұлттық банк 482,21 теңге, рубльді 5,43 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 446-449,5 теңге, еуро 484-488,5 теңге, ресей рублі 5,27-5,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал мұнайдың әлемдік бағасы түсіп барады.
Астана уақытымен 15.30-дағы жағдай бойынша, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 1,02%-ға арзандап, 72,85 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,68%-ға түсіп, 67,78 доллар болды.