Қар көшкіні қаупі бар кезең басталды - ШҚО
ШҚО-да көшкін қаупі бар кезең басталды. Жыл сайын ол қарашадан сәуір айына дейін жалғасады.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары қар көшкінінің қаупін туралы еске салады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, облыс аумағында көшкін жүру қаупі бар 497 учаске тіркелген. Оның ішінде 325 ошақы нысандар мен тұрғындардің өміріне қауіп төндіреді.
Сондай-ақ «Қазселденқорғау» ШҚ мамандар мен құтқарушылар қыс мезгілінде таулы аймақтарға демалысқа баратын тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін еске салады.
Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 арнасына хабарласыңыз.