KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
489.36 533.45 4.99

ШҚТУ-дың қос диплом бағдарламасының түлектері оқуын аяқтады

20.11.2023, 15:37 154

Өскемендегі іргелі оқу орындарының бірі – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қос диплом бағдарламасымен білім алған түлектер оқуын аяқтады. 

Оқу ордасының 14 студентіне МИФИ ұлттық ядролық зерттеу университетінің (Ресей) атом өнеркәсібі саласындағы дипломдары табысталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

ШҚТУ мен МИФИ арасындағы ынтымақтастық 2017 жылдан бері, яғни жоғары оқу орындарының басшылары бірлескен білім беру бағдарламалары туралы меморандумға қол қойған кезден бастап жүзеге асырылып келеді. 2019 жылдың желтоқсанында ынтымақтастық туралы меморандумға қосымша келісім аясында бакалавр студенттері мен магистрлерді бірлесіп даярлаудың төрт бағдарламасы іске қосылды. 
Бакалаврларды бірлесіп даярлау бағдарламалары енгізілген оқыту моделі бойынша жүзеге асырылды және қазақстандық студенттерді білім беру модульдерін (курстарын) бір мезгілде игере отырып МИФИ-дің бакалавриат бағдарламаларымен оқытуды көздеді. 

2019 оқу жылында атом өнеркәсібі саласында кадрлар даярлауға арналған бакалавриаттың «Материалдар мен үдерістердің физикасы мен химиясы» қос диплом бағдарламасы іске қосылды.


Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ халықаралық инженерия мектебінің деканы Айбек Ақаев диплом тапсыру рәсімінде түлектерді құттықтай келе оқу бітіріп жатқан жас мамандарға еліміздің еңбек нарығында сұраныс жоғары екенін атап өтті. Өйткені Қазақстанда қазір атом электр станцияларын салу мәселесі өзекті болып тұр. Бұл тақырыпта өткен жария талқылауларда халық аталмыш станцияларда қызмет көрсететін отандық мамандардың жетіспеушілігі мәселесін көтерген болатын. Ал ШҚТУ-дың қос диплом бағдарламасының түлектері осы олқылықтың орнын толтырып, кадр тапшылығының түйінін шешуге көмектеспек.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив