KASE: доллар 2,17 теңгеге арзандады
фото: kapital.kz
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,17 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456,83 теңге болды.
Ұлттық банктің 22 қазандағы ресми бағамы: 1 доллар – 459,04 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458,9 теңге, сатып алу – 461,7теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457 теңгеден болса, сатып алу – 462.
Алматыда Ресей рублі 5,11-5,29 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,12 – 5,22 теңгеден сатылуда.