KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

Қор нарығында доллар 7,27 теңгеге арзандады

Фото: kapital.kz

21.08.2023, 16:47 232 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 7,27 теңгеге төмендеп, 1 доллар 452,34 теңге болды.

Ұлттық банктің 21 тамыздағы доллардың ресми бағамын 461,71 теңге деп белгіледі. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 452,5 теңге, сатып алу – 455,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 450 теңгеден болса, сатып алу – 454 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,77 – 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,85 теңгеден сатылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу