Қор нарығында теңге беки түсті
шартты сурет
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,97 теңгеге төмендеп, 1 доллар 465,89 теңге болды.
Ұлттық банктің 13 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 467, 90 теңге болған. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 467,5 теңге, сатып алу – 470, 03 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 466 теңгеден болса, сатып алу – 470.
Алматыда Ресей рублі 4,95 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5 – 5,15 теңгеден сатылуда.