Елде мұнай эскпорттау уақытша мүмкін болмай тұр

Фото: egemen.kz
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан мұнайын экспорттау уақытша мүмкін болмай тұр.
Новороссийск теңіз портындағы дауылды жел мен күшті толқындарға байланысты Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалы арқылы экспортталатын Қазақстан мұнайын жөнелтуді тоқтатты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Новороссийск теңіз портында боран салдарынан мұнайды ауыстырып тиеуге бірнеше рет шектеулер жарияланыпты.
Айта кету керек, шектеу өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мұнайдың төгілуіне байланысты апаттардың алдын алу үшін енгізілген.
Қазір Новороссийск ауданында ауа райы өте қолайсыз: желдің жылдамдығы секундына 22-24 метр, толқын биіктігі алты метрден сегіз метрге дейін жететін көрінеді.