KZ
Өскемен
-7°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
498.55 524.28 4.75

Шығыста жаяу бұрқасын соғады

фото: rt.com

4.12.2023, 16:07 153 Оразай Жеңісұлы

«Қазгидромет» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының ақпаратына сүйенсек, 5 желтоқсанда өңірдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ал аймақтың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел тұрып, екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.

Мамандардың айтуынша, облыс орталығында таңертең және күндізгі уақытта жаяу бұрқасын соғады. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері елді мекеннен ұзап шықпауға кеңес береді. Әйтпесе жолға мұқият дайындалып, құрал-сайман алып шыққан жөн. Мәселен: күректі, шыны тазалауға арналған қырнауыш, жанармай қоры, шам, жылы заттар, телефон, зарядталған Power Bank, қол шам, азық-түлік қоры, ыстық шай құйылған термос және т.б.

Көлік жүргізушілер жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтауы тиіс. Жолға қатысты ақпараттарды «Дәрмен» қосымшасынан немесе 26-28-08, 57-42-52 телефондарына хабарласып білуге болады.

Мүмкіндігінше, жолда байланысқа шығыңыз және қайда екеніңізді хабарлаңыз.

 Төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу