ШҚО-да ауыл тұрғынынан гашиш пен марихуана тәркіленді
unicaplus.ru
Серебрянск қаласында 38 жастағы ауыл тұрғынынан гашиш пен марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше 4 желтоқсан күні «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ жүргізу кезінде 38 жастағы жергілікті тұрғыннан 14 дана полиэтилен пакеттері мен өсімдік тектес заттары бар қағаз бумасын, сондай-ақ полиэтилен пакетке оралған қара-қоңыр түсті, литрлік банкадағы зат тәркіленді.
Тәркіленген есірткі заттарының салмағы 348,96 грамм гашиш және салмағы 861,12 грамм марихуана.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау ) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.