Риддерлік тұрғын үйінде қарасора өсірген
Фото: egemen.kz
Риддер қаласының тұрғыны үйінде жеке пайдалану үшін қарасора өсіргені анықталды.
ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу барысында, ауладағы жылыжайдан құрамында есірткі заты бар өсімдіктің 39 бұтасын тәркіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 – бабы 4-бөлігі, 300-бабы 2- бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау және құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.