KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Инновациялық жоба грант жеңіп алды

6.12.2023, 11:35 185

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары Дүниежүзілік банк пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Консорциум I. Құзіреттілік орталықтары» грантын жеңіп алды. 
Техникалық университеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС мен «Қостанай агромеханикалық зауыты» ЖШС-ның бірлескен серіктестігі аясында іске асырылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.            
 «Smart engineering» құзыреттілік орталығының басшысы, PhD докторы Бағдат Азаматовтың айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарын тыңайтуға арналған қондырғы сұйық тыңайтқыштарды дақылдардың тамыр жүйесіне тікелей енгізуге мүмкіндік береді. 
Кешендегі 48 дөңгелектің әрқайсында 12 инъектор бар. Дөңгелектер айналғанда инъекторлар топыраққа 7-8 сантиметр тереңдей еніп, сұйық тыңайтқышты бүркіп шашады.
Фермерлер тарапынан мұндай қондырғыларға сұраныс жоғары, өйткені осы әдістің нәтижесінде өнімділік 30%-ға ұлғаяды.
  

– Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі «Smart engineering» құзыреттілік орталығы ғылым мен өндірісті қатар ұштастырудың нәтижесінде көптеген жетістікке қол жеткізуде. Ел игілігін көретін инновациялық жаңа жобаның нәтижесінде шаруашылықта қолжетімді логистикасы бар, бағасы шетелдік құрылғылардан әлдеқайда төмен отандық техника пайда болады.  Министрлік мұндай жобаларды қашанда қолдауға  әзір, - дейді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу