KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 9 м/с, В
522.91 548.85 5.05

Шырша кескендерге айыппұл салынады – ШҚО

Фото: vsegda-pomnim.com

7.12.2023, 23:16 143 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескендер жауапқа тартылады.

Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі күні өңірдегі 13 орман шаруашылықтарында тұрақты тексеру бекеттері құрылған.

- 1 желтоқсаннан бастап қылқан жапырақты ағаштарды қорғау, заңсыз кесуге жол бермеу бойынша кезекшілік ұйымдастырылып, тұрақты бақылау-өткізу пункттері құрылды. Ұлан, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха, Глубокое аудандарында, Алтай және Самар аудандары мен Риддер қаласында орман учаскелерін патрульдеу маршруттары құрылды, - дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Қылқан жапырақты ағаш тұқымдылардың жас талдарын заңсыз кескені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 381-1 бабы және ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабына сәйкес жауапқа тартылады. Сондай-ақ шығын көлеміне байланысты 100-ден 2000-ға дейін АЕК және де кесілген әрбір қылқан жапырақты ағаш үшін 15 АЕК айыппұл салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу