KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 4 м/с, Ю
522.91 548.85 5.05

Автобус қағып кеткен бала ауруханаға түсті – Өскемен

фото: tengrinews.kz

7.12.2023, 16:09 135 Оразай Жеңісұлы

Бүгін Бажов көшесінде жол апаттан зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оқиғадан кейін жәбірленушіні бірден дәрігерлер тексерген. Ол кезде бала денсаулығына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Бірақ кейінірек жүрегі айнып, басы айнала бастаған көрінеді. Сол себепті «Ана мен бала орталығының» нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Баланы қабылдау бөлімінің дәрігерлері, хирург, травматолог және нейрохирург мамандар тексеріп, «жабық бассүйек-ми жарақаты» деген диагноз қойған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу