Құтқарушылар көлікке қамалып қалған балаға көмекке келді – Өскемен
Фото: ШҚО ТЖД
Құтқарушылар көлікке қамалып қалған бір жастағы балаға көмекке келді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Оқиға Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесінде болған. «Шевроле Нексия» маркалы көліктің есігі абайсызда жабылып қалған көрінеді. Оқиға орнына жедел жеткен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, балақайды құтқарды.
ШҚО ТЖД мамандары ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларына мұқият болып, балаларды бір сәтке қараусыз қалдырмауға шақырады.
Оқи отырыңыз
Құтқарушылар көлікте қамалып қалған баланы құтқарды – ШҚОСиырды құтқару операциясы. Бұл жолы Глубокое ауданындаҚұтқарушылар саусағын әткеншекке қыстырып алған балаға көмек көрсетті – ШҚОҚұтқарушылар қар құрсауында қалған екі көлікті алып шықты – ШҚОҚұтқарушылар көліктен шыға алмай қалған екі азаматты құтқарды – ШҚО