KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Құтқарушылар көлікте қамалып қалған баланы құтқарды – ШҚО

29.03.2023, 17:25 154 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы Буров көшесінде ішінде 1,5 жастағы бала отырған көлік абайсызда құлыптанып қалған.

Ата-анасы өз бетінше есікті аша алмағандықтан бірден құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға орнына құтқарушылар жеткенше баланың әкесі есікті өз бетінше ашуға тырысқан, алайда еш нәтиже болмапты.

- Жедел-құтқару жасағының келген қызметкерлері құралдардың көмегімен есікті ашып, баланы аман-есен ата-анасына табыстады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ТЖД мамандары ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын үнемі сақтау керектігін, баланы көлік салонында жалғыз қалдыру өте қауіпті екенін еске салады.

Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз «112» арнасына хабар беріңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив