Сыбайлас жемқорлық: Адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметті онлайн түрде қалай алуға болады?
фото: time.kz
Бүгінде «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Электрондық анықтаманы мына тәсіл арқылы алуға болады:
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы (mgov мобильді қосымшасы);
- мемлекеттік қызмет портал арқылы өзіне қатысты мәліметтер «Жеке кабинет» және (немесе) SMS-растау арқылы сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін.
Қызмет көрсетудің ең қысқа мерзімі – 10 минут. Қосымша тексеру болған жағдайда 5 жұмыс күнінде қаралады.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Электрондық құжаттың түпнұсқа екенін egov.kz сайты және «электрондық үкімет» веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.